1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекен -жайы: Бастау ауылы, Сибағат Боранбаев көшесі 7.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылы 20 қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 1 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 16 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 3 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы 30 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 22 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер -8 қызмет.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажетті барлық ақпарат Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің http://sc0026.atbasar.aqmoedu.kz/content/otchet-deyatelynosti-kgu-obscheobrazovatelynaya-shkola-1-sela-bastau-o ресми интернет-ресурсында орналастырылған. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері көрсетілген. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері де орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызметке қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
2024 жылы Бастау ауылының №1 жалпы орта білім бертені мектебінде жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.