«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі.

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылының  №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жыл  15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
 2022 жылы Бастау ауылының  №1 жалпы орта білім беретін мектебінде  барлығы 30 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы -0, электрондық нұсқада -22, қағаз нұсқада -8. 
2021 жылы барлығы 65 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы -3, электрондық нұсқада - 36, қағаз нұсқада -26.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* Бастауыш,негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
* Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау.
 Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 
 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2023 17:41
Құрылған күні: 28.02.2023 17:47

Текст