Текст
Бүгін, Бастау ауылының №1 ЖОББМ 1-сынып ата-аналарына «Менің балам 1-сынып оқушысы!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ата-аналар белсенді қатысты. Барлығы мынадай қорытындыға келді: ең сенімді ережелердің бірі ата-ананың жақсы үлгісі екенін ұмытпаңыз! Мектепке дайын болу - ол оқу, жазу және математиканы білу дегенді білдірмейді. Мектепке дайын болу - бәрін үйренуге дайын болу деген сөз! Барлығымызға сәттілік! Михайловских Л.А.