Текст
17–28 маусым аралығында Бастау ауылының №1 жалпы орта мектебінде "Қызықты грамматика" атты тілдік мектеп өтуде. Осы мектеп аясында оқушылар грамматикалық тақырыптарды тереңірек меңгеріп, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті тапсырмаларға, шығармашылық жобалар мен ойындарға белсенді қатысуда. Сабақтар қызықты форматта өтеді, бұл оқушыларға өткен материалды қайталап қана қоймай, оны бекітуге және тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.