9 желтоқсан күні 8 сыныпта эстетикалық цикл апталығы аясында "Этностилде бұйым жасау (бас киім, кеудеше)" тақырыбында көркем еңбектен ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқытудың формалары мен әдістерін қолданудың тиімділігін талдау мақсатында өткізілді. Сабаққа Мариновка ауылының №1 ЖОББМ мұғалімі Гринюкова Н.З. - Көркем еңбек мұғалімі, Турысбеков М.К. - қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі және Мариновка ауылының №2 ЖОББМ мұғалімі Топтакаев А. Д. қатысты. Балалар қазақтың ұлттық мәдениетінің түрлі элементтерін өз жұмыстарында, оны безендіруде (бас киім, кеудеше) пайдаланды. Сабақ барысында дербес, фронтальды, жұптық жұмыс түрлері біріктірілді, бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттырды. Сабақтың жоспары толығымен жүзеге асырылып, қойылған міндеттерге қол жеткізілді.
Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Пшенова Л. А.