«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастау ауылының №1 орта мектебінде "Шаңырақ" отбасылық клубы негізінде "ЗЕВС" Әкелер клубының ашылуы

21.02.2019

Бастау ауылының №1 орта мектебінде "Шаңырақ" отбасылық клубы негізінде "ЗЕВС" Әкелер клубының ашылуы

21.02.2019

    Әкенің балаларын тәрбиелеудегі әсері өлшенбейді, себебі ешкім әке қамқорлығының, күнделікті балалармен қарым-қатынасын алмастыра алмайды. Әкесі  ұлын немесе қызын азамат қылып тәрбиелейді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Абишұлы Назарбаевтың бағдарлама мақаласында анықталған тапсырмаларын орындау мақсатында «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру», «Тәрбие және білім» бағдарламасы, «Отбасы әлемі» жобасында Бастау ауылы №1 орта мектебінде 20 ақпан күні «Шанырақ» отбасылық клубы негізінде «ЗЕВС» әкелер клубының ашылуы өткізілді.

   Мерекеге Ақмола облысы, «Шаңырақ» «Әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры -Берик Узакпаевич Ракушев, Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы- Наталья Георгиевна Наймушина, Атбасар ауданы ата-аналар қауымдастығының төрайымы - Садвокасова Баян Мынжасаровна, қадірлі ауыл тұрғыны,

ауылдың ардагерлер кеңесінің мүшесі- Иван Федосеевич Матвейчук, Бастау ауыл округының бас маманы -Азамат Каиржан, Ауған соғысының ардагері- Владимир Васильевич Шумянков, оқушылар мен ата-аналар қауымдастығы қатысты.

    «ЗЕВС» әкелер клубының ашылу лентасын қию құқығы Берик Узакпаевич Ракушев және Иван Федосеевич Матвейчук  берілді.

    Мерекелік бағдарламаны мектептің педагогика ұжымы және оқушылар, ата-аналар дайындады. Бағдарламада, шағын-орталығының тәрбиеленушілері «Әке туралы» әнін орындады, Диана Бегежанова, Андрей Кетте, Аяжан Шиганова, Данил и Даша Елесины, Лида Ким, Алла Громова, Даша Ахметьянова, Адина Шалкенбаева өлең шумақтарын орындады,

    «Әкесі және қызы туралы әнін» Аружан Бахтиярқызы орындады, дуэт-Нұрлан Аяулым және Елесина Милана композицияны барлық қонақтарға арнап орындады, қатты қол соғумен әкесімен қызының биін тамашалады.

    Оқушылар Артем Федяев пен Кирилл Шумянков  ата-бабалары туралы әңгімелеп, олардың отбасылық шежіресімен таныстырды, отбасыларының арқасында қол жеткізген спорттық жетістіктерімен таныстырды.

    Іс-шараның барлық қатысушылары, бейнекараокенің көмегімен, хормен сүйікті әндерін орындады. Мерекенің қонақтарына «ЗЕВС» әкелер клубының логотипі символикалық шарфдар және балалар жасаған естелік ашық хаттар берілді. Іс-шара мерекелік шай ішумен аяқталды.

 

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст