«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне арналған онкүндік

11.10.2019

Бастау№1  орта мектебінде Қазақстан Халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің есебі.

2019 оқу жылы

Мақсаты: тілдер онкүндігіне орай өткізілетін іс-шаралар арқылы балалардың тілге деген сүйіспеншілігін ояту, өзге ұлт оқушыларын қазақ тілін қызығушылықпен оқуға, құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де түрлі. Мұндай шаралардан біздің оқу орны да қалыс қалмайды

05.09 күні Тілдер мерекесіне арнайы жоспар құрастырылған. Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Үштілдік-заман талабы» атты Тілдер апталығының салтанатты ашылуы жарияланып, әр қазақстандықтың жүрегін тебірентіп, бойымызды мақтаныш сезімге бөлентетін ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Мерекелік салтанатты жиынға пән мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысып,  ӘБ басшысыЖумабекова Бакыт Кадыровна және 10 сынып оқушылары Тойшубекова А,Шульгина Е баршамызды Тілдер мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыпқа сай өлең жолдары оқылып, тілдің ерекшілігі, қасиеттілігіне тоқталып өтілді  және онкүндіктің жоспарларын таныстырды.

6 қыркүйек күні«Үштілдік-заман талабы»атты  кітап көрмесі  өтті.

Осы апталық арасында Қазақстан Тілдер мерекесіне орай орыс тілі мұғалімі Куропятникова Л.В 6 сыныпта «Родной язык-душа народа» ашық сабақ өткізді.

Қыркүйектің 10күні 2 -8 сынып оқушылырыдың арасында «Қымбат маған  дана тілім» атты сурет сайысы өтті(жауапты  еңбек мұғалімі Уткельбаев Д)

Сайыстың қорытындысы:

1 орын- Каражанова С 4 с,Рамазанова А 2 с,Есимбекова А с,Маданов К 8 с,Елесина М с;2 орын- Шиганова А 6 с,Криковлюк А 5 с,Носова К4 с,Орлова Т 5 с;3 орын –Криковлюк А 6с,Абусаитов Е 7 с,Умурзакова Д 4 с,Натяганчук Н 6 с

10-11 сынып оқушылары «Қымбат маған дана тілім»үш тілде  шығарма сайсында қатысты.Ең үздік шығарма11 сынып оқушылары  Елесина Даша, Пасечник Софья,Сайкина Лана ,10 сынып Смолина Анастасия(өткізген орыс тілі мұғалімі Бегежанова Б.Ж).

Ұлты қазақ емес 14 жасар  аралындағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тілі- менің  тілім» сайыс өткізілді.Жеңімпазы  Кузьменко Васелина 8 сынып оқушысы ( қазақ тілі мұғалімдері)

Қыкүйектің 14 күні қазақ тілі мұғалімі Беркимбаева  К.С «Ана тілім- арын бұл»атты интеллектуалды ойын9-10  сынып оқушылардың арасында  өткізді.Осы сайстың жеңімпазы 10 сынып оқушылары .

.

Тілдер күні мерекесіне орай тарих пән мұғалімі Тулеев М.М «Ұлы тұлға –ұлы өмірі»  атты көру презентатция  өткізді.Ең үздік презентатциялар 11 сынып оқушысы Пасечник С ,10 сынып оқушысы Шульгина Елизавета, 9 класс Щеглова Наталья.

Қыркүйектің 13 күні 5-8 сынып оқушылардың арасында «Абайдың қара сөздері»   сайысы   өтті     (жауапты тіл мұғалімдері )

«Үштілдік –заман талабы» атты тілдер аптылығының жабылуы күні қорытындыланып, белсенділік танытқан оқытушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

«Игі істің басы – тіл, тәрбие басы –тіл» дейтін болсақ, шынында да оқу орындарында мұндай  игі шаралардың өтуі аса маңызды.Оқушыларға терең біліммен қатар, саналы  тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.

                                                                                                                                                                         Ә Б жетекшісі: Жумабекова Б.К.

Просмотров: 810


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст