Мереке салтанатты линейкадан басталды. Оқушылар, қонақтар, мектеп мұғалімдері мемлекеттік
әнұранды орындады. Оқушылардың алдында мектеп директоры К.К. Бексеитов және
денешынықтыру мұғалімі Магзумов С.К. құттықтау сөзімен ортаға шықты. Соңында
денсаулық күні ашық деп жарияланды. Мерекені 5-7 сыныптың қыздар командасы
пионербол ойынымен ашты. Ал ұлдар футбол. Келесі 8-11 сынып командасымен
мұғалімдер командасы волейбол ойнады. Бастауыш буыны 0-4 сынып сынып
жетекшілерімен спорттық қозғалмалы ойындарын ойнады.
Пионербол жарысында 7 сынып-1 орын, 6 сынып- 2 орын, 5сынып- 3 орын алды. Футбол бойынша 6 сынып- 1 орын, 5 сынып-2 орын, 7 сынып- 3 орын. Волейбол бойынша 11 сынып-1
орын, 10 сынып- 2 орын, 8 сынып- 3 орын. Ұлдар арасындағы теннистен Абжанов Канат 1 орын.
Мереке соңында жеңімпаздарға диплом мен грамоталар берілді.