2024 жылғы 4 сәуірде Көкшетау қаласындағы «Болашақ сарайы» алаңында «Red Fest» ашық халықаралық робототехника және бағдарламалау фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Іс-шара 1-11 сынып оқушылары арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттауға бағытталған. Бұл «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Болашақ инженер» қайырымдылық жобасының жалғасы болды. Жарысқа Ақмола облысының ауылдары мен қалаларынан 46 команда қатысты. Бұл фестивальдің бір артықшылығы – мектеп оқушылары роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалай алады және жетілдіре алады. Фестиваль «Сумо», «Желі бойындағы қозғалыс», «Эстафета», «Шығармашылық жобалар», «Тәлімгерлер байқауы» номинациялары бойынша өтті. Бұл фестивальге қатыса алмағандар үшін ұйымдастырушылар «Робототехникадан бастау» және «Скретч» олимпиадасын онлайн категорияларын әзірледі. Фестивальге қатысу тегін. Фестивальді Инженерлік білім беруді дамыту қоры мен оның серіктестері қаржыландырды. Фестивальге қатысушылар ауыз сумен және тегін түскі аспен қамтамасыз етілді.
Фестивальге «Ақмола облысы білім басқармасыныңАтбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 5-сынып оқушысы Қамбар Ернұр 10-13 жас «Желі бойындағы қозғалыс», 7-сынып оқушысы Орлов Андрей «Сумо» 10-13 жас, 7-сынып оқушысы Кетте Андрей «Желі бойындағы қозғалыс» 10-13 жас номинациялары бойынша қатысты. Балалар ең жақсы бағдарламалау қабілеттерін көрсетті. «Желі бойындағы қозғалыс» номинациясы бойынша Қамбар Ернұр мен Кетте Андрей 1 орын, «Сумо» бойынша 10-13 жас, Орлов Андрей мен Кетте Андрей 3 орын дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Оқушылар бір жыл бойы «Робототехника» үйірмесіне қатысып, білімдерін шыңдап, жоғарыдағы көрсеткіштерге қол жеткізді. Фестивальге қатысушыларды дайындағаны үшін информатика және робототехника пәнінің мұғалімі Калиева Асемгуль Жанатовна алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2024 жылдың күзінде Астана қаласында Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерден келген командалардың қатысуымен өтетін халықаралық фестивальде кездеседі.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!!!
Информатика пәні мұғалімі Калиева А.Ж.