Менің атым Қаражанова Сабина, Бастау ауылының 1 жалпы білім беретін мектебінде оқимын. «Қазақстан халқына» жобасы аясында маған «Чайка» балалар сауықтыру лагеріне барудың тамаша мүмкіндігі берілді. Маған бұл лагерь қатты ұнады, өйткені жақсы және тәжірибелі кеңесшілер, сөзбен айтып жеткізе алмайтын әсем табиғат және қызықты бағдарлама болды. Менде ең жақсы кеңесшілерім Дильназ мен Адлет болды. Мен бұл лагерьде өте жақсы демалыс уақытымды өткіздім. Мен көптеген жақсы достар таптым және де олармен кәзіргі уақытта араласып жүрмін.Мен қатты сағынатын боламын және бұл лагерь менің жүрегімде мәңгі қалады! «Чайка» балалар орталығында демалуға мүмкіндік бергені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушинаға және «Қазақстан халқына» жобасының ұйымдастырушыларына алғыс айтамын.