10-21 маусым аралығында ауданымыздың жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері үшін "Атбасар қаласының №2 ЖББМ" КММ базасында "Өрлеу" БАҰО "АҚ ұйымдастырған "Инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби құзыреттілікті дамыту" тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті . Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған инклюзивті білім беру курстары педагог кадрларды қазіргі білім беру ортасында жұмысқа дайындаудағы маңызды қадам болып табылады. Курс маған тәжірибе алмасуға, ең жақсы тәжірибелерді үйренуге және сыныптарым үшін арнайы стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік берді. Курс кураторы Дигенова Ботагөз Кәрібайқызына біздің оқуымыз бен дамуымыздың негізгі факторларына айналған кәсібилігі, терең білімі мен қолдауы үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Информатика пәнінің мұғалімі А. Ж. Калиева